Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 27 наурызында «Отбасы дәстүрлері мен құндылықтары: ұрпақтан-ұрпаққа» тақырыбында 9-11 сынып ата-аналарына арналған кезекті сабақ өтті.

Келесі тақырыптар ашылды: «Халық дәстүрлері мен отбасы дәстүрлерінің өзара байланысы», «Білім, құндылықтар, дүниетаным мен дәстүрлерді аға ұрпақтан кіші ұрпаққа беру ретінде ұрпақтар сабақтастығы», «Отбасындағы ана мен әкенің рөлі», «Отбасылық тәрбиеде ескерілуі керек балалардың қазіргі ұрпағының даму ерекшеліктері».

Мақсаты: Балалардың болашақ отбасылық өмірінде қажетті қасиеттерді дамытуда ата – аналарға жәрдемдесу.

Тапсырмалар:

1) ата-аналарды баланың болашақ отбасылық өмірінде қажетті жеке қасиеттерін дамытуға ынталандыру;

2)дәстүрлі тәрбие тәжірибесін өзектендіру, ата-аналардың «жауапты әке болу» туралы түсінігін кеңейту;

3) ата-аналардың балада отбасылық өмірде қажетті қасиеттерді қалыптастыру бойынша өз іс-әрекеттерін талдау дағдыларын дамыту. Сабаққа 10 ата-ана қатысты.