Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығында 1-4 сынып ата-аналарына арналған сабақ
Ата-аналар зорлық-зомбылық түрлері мен олардың салдары туралы білді, балаларды жеке шекараларын сақтауға, "жоқ" деп айтуға және ересектерден көмек сұрауға қалай үйрету керектігін талқылады.
Кездесу барысында ата-аналар өз тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісіп, сұрақтар қойды.
✅ Қорытынды: ата-аналар мұндай кездесулер балаларды жақсы түсінуге, оларды қорғауға және отбасында сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектесетінін атап өтті.




