Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 15 наурызында аудан әкімдігінде жазғы лагерьлерде балалардың демалысына арналған сертификаттар салтанатты түрде табысталды.
Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ басшысы Шатанов Д.Ж. сертификат табыс етілді.
Бұл күн ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес таңдалды. 15 наурыз “Қайырымдық” күні болып белгіленіп, қайырымдылық, мейірімділік және тату көршілік тақырыбына арналды.
“Қазақстан халқына” қоғамдық қорының ұсынысы бойынша бұл күні жалпы білім беретін мектептерге жазғы лагерьлерде балалардың демалуына сертификаттар табыстай отырып, әлеуметтік мейірімділік марафоны іске қосылды.
Айта кету керек, “Қазақстан халқына” қоғамдық қоры 2023 жылдың жазғы кезеңінде “QН Жаздық жолдама” қайырымдылық жобасын іске асырды. Жоба аясында балалар лагерлерінде демалыспен ауылдық жерлерде тұратын 5-8 сыныптардың 19 754 оқушысы қамтылды.
Жобаға аудандық, қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарының, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері, жеңімпаздары қатарынан оқушылар қатысты.
Балалардың, олардың ата-аналарының оң пікірлерін, сондай-ақ ҚР Білім Министрлігінің “Қазақстан халқына” ҚҚ бастамасын ескере отырып, “Qh Жаздық жолдама-2024” қайырымдылық жобасын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Жолдама алушылардың нысаналы тобы анықталды, бұл 10-14 жас аралығындағы ауылдық мектептерден 20 000 бала, оқу қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді және мектеп өміріне белсенді қатысады. Біздің ауданға Қазақстанның жазғы лагерьлерінде демалуға 63 жолдама квотасы бөлінді, олар ауданның 19 мектебіне бөлінді.