Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылдың 24 желтоқсанында біздің мектептің оқушылары Самсонов Богдан және Антонова Ирина Павлодар қаласындағы «Президенттік шыршаға» шақырылды. Мерекеде облыстың түкпір-түкпірінен келген балаларды Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан өңір басшысы Асаин Байханов құттықтады. Ол оқушыларға зор денсаулық, табыс, өз күштеріне сенуді және қиындықтардан қорықпауды тіледі. Асаин Байханов балаларымен бірге шыршаның айналасында «Жасыл шырша әні» әнімен би билеп, «Қош келдің,Жаңа жыл!» ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен Аяз Ата, Ақшақар, Айдахармен шыршаны айналды. Әр бала Президенттен атаулы құттықтау картасын, 150 000 теңгеге ақшалай сертификат, кітап, ойыншық және тәттілер сыйлықтар алды. Мерекелік қойылымның соңында балаларға «тәтті үстел» дайындалды.